Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Атырау облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен қыздар арасында облыстық Құран-кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу сайысы өтті.
Қасиетті құран оқылып басталған сайыстың ашылу рәсіміне Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханүлы қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі
Қыз ұлттың намысы,болашақ ана, отбасының мәйегі болғандықтан келешек ұрпақты иманды,саналы, құранның нұрын сіңіріп өсіру өте маңызды. Сол себепті сіздердің құранды жаттауларыңыз әрі оны насихаттау сауап әрі жауапты деп атай келе, өңірде қарилардың шығып келе жатқанын ендігі кезекте қыздар арасында қарилардың көптеп шығуын нәсіп етсі деп тілек білдірді.
Құранды мәнерлеп оқу және он пара бойынша өткен сайыстың қорытындысы бойынша:
Мәнерлеп оқу:
- Зәуреш Мәлікқызы
- Перизат Ғалымжанқызы
- Илария Батырбекқызы
Құраннан жаттау:
- Мадина Ералықызы
- Дильназ Бекболқызы
- Ақнұр Азаматқызы жеңіп алды.
Еске сала кетсек құран дұғасы Өтеген Ақжұманұлының рухына арналды.