Атырау қаласы және аудандардан жиналған имамдар үшін өткен семинарды облыстық орталық «Иманғали» мешітінің азаншысы Саламат Иманғалиев өткізді.
«Ихсан ілімі адамгершілікті, даналықты насихаттайтын ілім. Біз, имамдар өзіміздің жүріс-тұрысымыз, мінез, іс-әрекетіміз арқылы қоғамға үлгі болуымыз қажет» деді ұстаз Саламат Иманғалиев.
Ислaм – көркем мінез бен әдептілікке негізделген дін.
«Әдептілік адамды көрікті етеді. Ихсaн ілімі көркем мінез бен адамға тән күллі әдептілікті үлгі етеді. Алла Елшісі Алланың құлдарын осылайша тәрбиелеп, көркем мінезге, жақсы әдепке шақырған болатын. Пайғамбар (с.ғ.с) Муғазға (р.а.) айтқан өсиеті бүкіл үмбетіне және қияметке дейін келетін үмбеттеріне айтқаны деп түсінуіміз керек» деп атап өтті азаншысы Саламат Иманғалиев.
Атап өтелік, ихсан ілімі адам баласын рухани кеселдерден аулақ болудан шақыратын ілім. Бұл ілім жеке тұлғадан бастап, барша қоғам үшін аса пайдалы, маңызы терең, ғибраты мол тәрбие жолы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.