Ұлылардың ақтық демі

Бүкіл әлем иелігі өз құзырына тиесілі болған Алла Тағаланың құдіретінде шек жоқ, оған ғана жалбарынып одан ғана жәрдем сұраймыз.

Қылша мойнымыздың тағдыры тек соның құзырында екенін әлімсақтан мойындаған Қазақ деген текті ұлтпыз. Оның Пайғамбары Мұхаммед салла Аллаһу алейхи уә сәлләмға сансыз салауаттар болсын, және оның отбасы мен асхабына Алла разы болсын.
Бұл әлемде Жаратушының рахымына бөленіп екі әлемнің мол байлығына кенелген, руханияты үшін малым жанымның садағасы деп өткен қанша ізгі әулие тұлғалар өтті.

Міне сол ізгілердің қарама қарсысында Құдай Тағалаға қырсықтық танынып, күпірлікке белшесінен батып шыға алмай дінсіздіктің удай ащы теңізіне батып кеткен қаншама адамдар да болды, бүгін біз сіздерге сондай бір өкініштің отты кемесіне мініп өмір бақи өкініште болатын бір тұлғаның өмірінен ғибрат келтірмекпіз. Ол
Танкреду ди Алмейда Невис Испания президенттігіне қолы жетіп алайда тақсыз, тақтан бұрын қол жетпес байлық иманнан жұрдай болған Алланың бір шарасыз құлы. Ол өзінің президенттік инаугурациясына 1 күн қалғанда 14.03.1985 жылы ауруханада қайтыс болды.
Ол бұдан алдын “Егер мен 500 мың дауыс жинасам, Құдайдың өзі тағымнан тайдыра алмас”,- деп күпірлік сөзін айтқан болатын. Осындайда Құранның мына бір аяты еріксіз еске түседі:

كُلُّ مَنْ عَلَيْهَا فَانٍ

Жер бетіндегі барлық нәрсе фәни!
(«Рахман» сүресі 55:26)

وَيَبْقَىٰ وَجْهُ رَبِّكَ ذُو ٱلْجَلَٰلِ وَٱلْإِكْرَامِ

Тек сенің асқан айбат пен ұлылық әрі теңдессіз жомарттық иесі Раббыңның бір Өзі (және Рабыңның разылығы үшін жасалған игі істер) ғана мәңгі-бақи қалады!

(«Рахман» сүресі 55:27)
Келесі аятта Жаратушымыз Хақ Тағала құлдарына былайша ескерту жасайды:

وَلَا تَقُولَنَّ لِشَا۟ىْءٍ إِنِّى فَاعِلٌ ذَٰلِكَ غَدًا

Қандай да бір іске бел буғаныңда, «Мен оны ертең (міндетті түрде) істеймін», – деп айтушы болма.

(«Кәһф» сүресі 18:23)

Мінеки ағайын біз мұсылмандар әрбір амал жасаудан алдын екі бас намаз оқып Жаратушыдан жалбарына медет сұрап сосын тәуекел жасауымыз керек екен. Алла баршамызға тура жолдан таймай, өмір бақи ізгілікте болуымызды нәсіп етсін

Ержан ҚАҒАЗҒАЛИЕВ,
“Сұлтан Бейбарыс” мешітінің имамы.