Атырауда шәкірттер дәріс беруші мешіт ұстазына қажылыққа жолдама сыйлады

Ерекше сыйды Атырау қаласындағы «Ихсан» мешітінің ұстазы Гүлдана Үкібаеваға шәкірттері табыс етті.

Әйел жамағатының атынан сый, ұстаз Гүлдана Үкібаеваның жолдасы әрі «Ихсан» мешітінің қызметкері Сергей Сүндетовке де табысталды.

Ерекше тосын сыйды шәкірттер Құранға түсіп жатқан ізденушілерге арналған рухани салтанатты кеште табыс етті.

Қазіргі уақытта «Ихсан» мешітінің жанынан Сауат ашу курсы жұмыс істеуде. Онда 50-ден астам әйел жамағаты білім алуда. Аптасына бес күн діни дәрістер, әр сенбі сайын насихаттар айтылып отырады. Сауат ашу курсының мақсаты – ізденіп жүрген жамағатқа рухани, діни тәрбие, білім беру.