Атырау қаласындағы «Сұлтан Бейбарыс» мешітінде ақсақалдар мен мешіттің ерікті жастарына арналған рухани шара өтті.
«Ауызбіршілік пен тәртіп егіз ұғым» тақырыбы шарадағы негізгі әңгіме арқауы болды.
Мешіттің тұрақты жамағаты әрі ақсақалдары Серік Қабиұлы, Омар Қасымов және Мұрат Әбиев сынды аға буын өкілдері жастарға мешіттің ішкі тәртібін сақтау, тазалығына мән беру турасында ақыл кеңестерін айтты.
«Сұлтан Бейбарыс» мешітінің наиб имамы Нұрлан Дүйсебекұлы мешіт әдептері мен ішкі тәртібі туралы баяндады.
Алла Тағала өзіне деген мінәжатының ләззатын тек қана өзіне жақын құлдарына ғана татқызады.
Алла Тағаланың үйін зиярат етушілерге тән Ислам әдептеріне келсек. Мұсылман адам мешіттерді жақсы көріп, оны қадірлеуі керек. Және де оларға құрмет көзімен қарау керек, өйткені Алланың үйлері оны еске алу үшін және де оған ғибадат жасау үшін салынды.
«Кім Алланың рәміздерін құрметтесе, шүбәсіз бұл жүректердің тақуалығынан» (Хаж. 32)
Мешіттің құрылысына көмектесу, шамасы келгенше оның құрылысына физикалық тұрғыдан немесе материалдық тұрғыдан көмектесу. Адамдарды оны кемелдендіре және әсемдеуге шын көңілімен ат салысуға жігерлендіру.
Сонымен қатар, мешіт ішінде атқарылатын рухани, тәрбиелік бағыттағы бұқаралық шаралардың жоспары жасалды.