Атырауда жылдың үздік имамдары марапатталды.
Жылдың қорытындысымен Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев жылдың үздік имамы деп танылды.
«Себебі, Жылыой ауданында биыл орасан жұмыстар атқарылды. Соның ішінде, тасқын кезінде елді біріктіру, қиналғандарға қамқор болуда Жылыой мешіті үлкен жұмыстар жасады. Үлкен сынақ жамағатты ғана емес, барлық құлсарылықтарды біріктірді. Одан бөлек, ҚМДБ бекіткен негізгі жұмыс бағыттары бойынша да Жылыойдағы жұмыс нәтижелері жоғары» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.