Атырауда «Ықылас» мешіті «Имани жазды» қорытындылады (+ ФОТО)

Атырауда «Ықылас» мешіті «Имани жаз» маусымы қорытындыланды.

«Имани жаз» жазғы оқу маусымы кезінде «Ықылас» мешітінде 75 шәкірт білім алды.

Оның ішінде 30 қыз, 45 ер бала «Құран әліппесі», «Дін мен діл», «Салт-дәстүрлер», «Қазақстан тарихы» тақырыптарында білім алып шықты.

Шәкірттерді Атырау облысы орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Арман Исаев, «Ықылас» мешітінің имамы Назарбай Абдураманов құттықтап, үздік білім деңгейін көрсеткен шәкірттерге велосипед, өзге де құнды сыйлықтарды табыс етті.