Атырау қаласындағы Балауса ықшамауданында орналасқан «Ықылас» мешіті дін саласында білім алып жатқан шәкірт Ғалымжанқызы Альбина Утегеноваға ерекше сый жасады.
«Ықылас» мешітінің имамы Назарбай Абдурамановтың бастамасымен «Асыл строй» компаниясы басшылығының демеушілігімен қаржылай сыйақы табыс етті.
Алла дәргейінде мұсылманға жасалатын ең құнды нәрсе – жақсылық жасап мұсылманды қуанту. Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Парыздардан кейінгі ең құнды амал – бір мұсылманды қуанту» (Табарани)
«Аллаһ дәргейінде ең құнды амал – мұсылманның қарызын төлеу немесе қиыншылығына көмектесу арқылы оны қуанту» (Табарани). Осылайша, ұстазымызға қасиетті сапарға жолдама сыйлауды ұйғардық» дейді «Ықылас» мешітінің имамы Назарбай Абдураманов.