Атырау облысында орын алып отырған төтенше жағдайға байланысты, еліміздің түкпір-түкпірінен сарбаздар тасқынға қарсы күрес шараларына жұмылдырылуда.
Атырау қаласы маңындағы Ақжар, Ақсай, Көктем елді мекендерінде жаға бекіту жұмыстарына атсалысқан Жамбыл облысы, Қордай ауданы, 21450 әскери бөлімінің сарбаздарына спорттық киімдер үлестірілді.
«Зекет және қайырымдылық» қорының Атырау облысы бойынша өкілі Шалхар Дәулетханұлы сарбаздарға арнайы барып, қиындықта көмек қолын созып жатқан әскери бөлім қызметкелеріне рахмет айтып , спорттық киімдер табыстады.