Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Өмірге үміт сыйла» жобасына «Зекет және қайырымдылық» қорының Атырау облысы бойынша өкілдігі үлес қосты.
Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының бастамасымен талма ауруы бар бір топ балаға дәрігер-мамандар тегін консультация берді.
Атырауға жауапты «Зекет және қайрымдылық қорының» өкілі Шалхар Даулетханұлының айтуынша, балаларға ем – шара тегін көрсетіледі.
Айта кетсек, «Өмірге үміт сыйла» жобасының мақсаты – науқас балалардың емделуіне мүмкіндік сыйлау.