Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет және қайырымдылық қоры» “Ел үлесі – пәтерге” жобасы аясында 774 баспананы Атырау қаласы, Дамбы ауылында тұратын жалғызбасты Венера Жұбаниязованың отбасына табыстады.
Игі шараға ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев және облыстың Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы қатысып, қуанышқа ортақтасты.
«Зекет және қайырымдылық қоры» еліміз бойынша баспанаға мұқтаж жандардың үй алуына жәрдемдесіп келеді. Бүгін Атырау жерінде тағдырдың сынағына төзіп, қаймықпай көтеріп өмір сүріп жатқан ананың қуанышына ортақтасып жатырмыз. Алла берекелі шаңырақ еткей. Діни басқарма қашанда қамкөңіл жандарды назардан тыс қалдырмайды» деп атап өтті Мақсатбек Қайырғалиев.
Жаңа баспанаға облыс Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы құран оқып, батасын берді. Баспана иесі жанашыр жандарға аналық тілегін жеткізді.
Айта кетейік, игі іске «Зекет және қайырымдылық қорының» өңірдегі өкілдері мен Дамбы ауылы имамдары, жанашыр жандар себепкер болды.