Республика күнін мерекелеу шеңберінде Атырауда орталық мешітте «Жанашыр жүрек» халықтық акциясы өтті.
Акцияның мақсаты – мұқтаж жандарға өтеусіз көмек көрсету шараларына әрбір қазақстандықтың қатысуын қамтамасыз ету арқылы, қайырымдылық көрсету мәдениетін дамыту.
Акция аясында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының қолдауымен, “Атырау облысы Жастар ісі секторы” және “Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының “Азаматтық орталығы” мекемелері бірлесе отырып, мұқтаж азаматтарға киім- кешектер таратты.
100 адамды қамтыған шара орталық «Иманғали» мешіті жанындағы Қайырымдылық мекемесі орталығында өтті.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.