Атырауда «Анашым» мешітінде көшпелі дәріс өтті

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының бастамасыен «Анашым» мешітінде кезекті көшпелі дәріс ұйымдастырылды.

Жамағат арасында бірлікті, бауырмалдықты арттыру мақсатында жиналған басқосуда Алла Елшісінің (с.ғ.с) өмірінен өнегелер айтылды.

«Мәуліт айында көп салауат айту мұсылман үмметінің міндеті. Салауат айтқан адам жақсылықта, оның өмірінде береке болады. Ардақты Елшінің (с.ғ.с) өмір тарихын білу, оқу арқылы өмірлік миссиямызды түсінеміз» деп атап өтті кеш қонағы ұстаз Бейбітбек Ғұмаров.

Айта кетейік , көшпелі дәрістер облыс мешіттерінде бас имам Алтынбек Ұтысханұлының бастамасымен қала, аудан ауыл мешіттерінде өтіп келеді.