Құрманғазы ауданының Бөкейхан ауылында мешіт салынып жатыр (+ ФОТО)

Атырау облысының Бас имамы Құрманғазы ауданына жұмыс сапары аясында Бөкейхан ауылындағы салынып жатқан мешіт құрылысымен танысты.

Бір мезетте 200 адам құлшылық жасай алатын мешітпен бірге, мұнда имам үйі құрылысы салынуда.

Замануи үлгіде тұрғызылып жатқан мешітте намаз оқитын зал, Құран оқу залы, әйелдер сыныбы қамтылған. Таһаратхана да бар.

Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы мешіт құрылысын уақытында әрі сапалы атқаруды тапсырды . Және бірқатар міндеттер жүктеді.