Мақат мешітінде Мәуліт кеші өтті (+ ФОТО)

Мақат аудандық орталық мешітінде Мәуліт рухани кеші өтті.

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) өмірі мен тағылымы туралы жамағатқа кеңінен ақпарат беру мақсатында ұйымдастырылған ізгі шараға Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің ұстазы Ерболат Боханов арнайы қатысты.

«Адамзаттың асылы Мұхаммед (с.ғ.с) деген сөздің астарына үңілсек, үлкен бір мектеп, дара жолды көреміз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) мінезі Құран адам болған. Оның әр іс әрекеті, көркем мінезі бізге үлгі болуы керек.

Көркем мінез – асыл дініміз исламның ең маңызды тіректерінен. Қасиетті Құран мен пайғамбар хадистерінің қай жеріне қарасаң да көркем мінезге көңіл бөлгенін көресің. Мінездің көркем болуы мұсылман адамды Ұлы Аллаға жақындатын, әрі дәрежесін жоғарылататын ең ұлық құлшылықтардан болып есептеледі» деп атап өтті ұстаз Ерболат Боханов.

Ауыл ақсақалдары, жастар қатысқан ізгі шара барысында сұрақ-жауап форматында да диалог өрбіді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.