amin.kz/30 наурыз, 2020 жыл. Елімізде орын алып жатқан төтенше жағдайда байланысты, Атырау қаласына қарасты Жұлдыз елдімекеніндегі Қажымұқан Мұңайтпасов мешіті жастары ерекше бастама көтерді.
«Бұған дейін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының өзі «Қайырымдылық керуені» жобасының тұсауын кескен еді. Осы игі іс барша қазақстандыққа үлгі болуы керек. Қазіргі уақытта жағдайы жеткен азаматтар жаппай азық-түлік сатып алып, мейілінше үйден шықпауға тырысып жатыр.
Ал, әлеуметтік мүмкіндігі көтермейтін жандар ше? Оларды кім ойлайды? Осы ретте біз «10% садақа» марафонын қолға алдық. Осыдан екі ай бұрын жұмысын бастаған жобаның мақсаты – мұқтаж жандарға көмек көрсету. Садақа пәлені қайтарады. Бүгінгідей сын сағатта бір екенімізді, ел екенімізді көрсетуге шақырамыз» дейді жастар.
Еске сала кетелік, бүгінгі күннен бастап Атырау қаласында карантин жарияланды. Қазіргі таңда коронавирус дертін жұқтырған он екі атыраулық ауруханада жатыр.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз – қызметі.