Атырауда Алғабас ауылы жастарының ұйымдастыруымен баскетболдан турнир өтті.
Онға жуық команда өзара бақ сынасқан турнирге Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Аталған шарада «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов насихат айтып, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
«Денсаулықты сақтау Исламның қорғауға мән беретін бес мақсатының бірі болып саналады. Бұл дегеніміз, аурулардан сақтану және салауатты өмір сүруге тырысу діни міндетіміз екенін білдіреді. Беріліп әрі парыздарын толық орындау арқылы ғибадат ете білу денсаулыққа байланысты. Сондықтан, осындай спорттық шараларға қатысу сергектікпен бірге, бірлікті де арттырады» деп атап өтті Мақсот Бағытжанов .