Атырауда Құспан молла мешітінде Әжелер мектебі ашылды

Атырауда қалалық Құспан молла мешітінде Әйел-қыздар секторының Әжелер мектебі ашылды.

Аталған мешіттегі Әжелер мектебінің жетекшілігіне белгілі ұстаз Ардақ Сайынқызы тағайындалды.

Салтанатты шараға орталық «Иманғали» мешіті жанындағы Әжелер мектебінің төрайымы Жұмагүл Нәсиқызы арнайы қатысып, жаңа бастамаға сәттілік тіледі.

«Қыз баланың тәрбиесіне ертерек көңіл бөлу қажет. Ұл балаға қарағанда, қыздың жолы жіңішке әрі ауыр. «Қызым үйде, қылығым түзде» дегендей, қыздарымыз өскен сайын әрбір ата-ананың алаңдайтыны рас. Ұлттың ұлттық бейнесі қыз баланың ар-намысынан көрінеді. Ұлттың ұлт болып қалыптасуы алдымен қыздың тәрбиесіне байланысты. Сондықтан, қоғам тәрбиесінде Әжелер мектебінің маңызы ерекше» деп атап өтті Әжелер мектебінің төрайымы Жұмагүл Нәсиқызы.