АТЫРАУДА ҚҰРБАН АЙТ МЕЙРАМЫ МЕН ҚМДБ ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР СЕКТОРЫНЫҢ 10 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ РУХАНИ ШАРА ӨТТІ

Атырау облысында Құрбан айт мерекесі мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Әйел-қыздар секторының 10 жылдығына орай рухани іс-шара ұйымдастырылды.

Игі шараға ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы, Алматы қаласы әйел-қыздар секторының жетекшісі Гүлмира Ілесбай және Шымкент қаласы бойынша әйел-қыздар секторының жетекшісі Балжан Асылханқызы арнайы қатысты.

Жиын барысында насихат айтылып, рухани мазмұндағы бағдарламалар өткізілді. Сондай-ақ Құранға түскен шәкірттерге тәж кигізіліп, қасиетті Құран табысталды.

Шараны әйел-қыздар секторының өңірлік өкілдері мен «Муслима Фирдаус» еріктілері ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – рухани құндылықтарды дәріптеу, Құран ілімін насихаттау және қоғамдағы ізгілік пен бірлікті арттыру болды.