АТЫРАУДА ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАРДЫҢ БАСТАМАСЫМЕН «ALQA» ДАМУ КЛУБЫ РЕСМИ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Әйел-қыздар секторының өңірлік жетекшілігі жанынан құрылған «ALQA» даму клубының ресми ашылу салтанаты өтті.

Іс-шараға ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы бастаған әйел-ұстаздар қатысты.

Атырау облысы әйел-қыздар секторының жетекшісі Назгүл Медерқызының айтуынша клубтың мақсаты – әйелдердің рухани, зияткерлік және тұлғалық дамуына ықпал ету, ұлттық және діни құндылықтарды насихаттау, қоғам игілігіне бағытталған жобаларды жүзеге асыру.

Шара барысында клубтың құрылу тарихы таныстырылып, мүшелері туралы арнайы бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ дәстүрге сай лента қиылып, жаңа орталықтың ресми ашылуы жарияланды.

Жиын соңында қонақтарға құрмет көрсетіліп, естелік сыйлықтар табысталды. Қатысушылар жаңа бастаманың өңірдегі әйелдердің білімін жетілдіру мен рухани дамуына оң серпін беретінін атап өтті.