Мақат ауданында Әжелер мектебі өкілдерімен кездесу өтті

Мақат ауданында Әжелер мектебінің өкілдері жергілікті әйел жамағатымен кездесті.

Кездесу барысында «Ислам және дәстүр құндылығы» тақырыбында сұхбат өрбіп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Атырау облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі, ұстаз Ардақ Сайынқызы, Атырау облысы «Әжелер мектебінің» төрайымы Жұмагүл қажы Нәсиқызы кездесуге қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

«Қазіргі уақытта қоғамда дін тақырыбына қызығушылық танытушылар өте көп. Сәйкесінше, әлеуметтік желілерде кез келген адам осы тақырыпта уағыз айтып, тіпті, пәтуә беретін болды. Бұл мәселелер заңдық тұрғыда реттеуді қажет етіп отыр. Осы ретте, Бас мүфтидің тапсырмасымен уағыз-насихатты енді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының куәлігі берілген сертификатталған мамандар ғана насихат жүргізе алады. Біз әйелдер жамағатын интернеттегі жалған уағызшылардан сақтандыруымыз керек. Осы бағытта арнайы жұмыс жоспары бекітілді» деп атап өтті ҚМДБ Атырау облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі, ұстаз Ардақ Сайынқызы.