Атырау қаласы, Жұлдыз елдімекеніндегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіт ұжымы мүмкіндігі шектеулі азаматты қуантты.
Ақжар ауылының тұрғынына жүріп-тұруы үшін ыңғайлы қоларбаны сыйлады.
«Мешіт ұжымының шағын ғана сыйлығын ағамыз зор қуанышпен қабыл алды. Қамқорлық бағытындағы мұндай шараларымыз жалғасады» дейді Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінің имамы Айтжан Абдиров.
Еске сала кетелік, қайырымдылық – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен негізгі жұмыс бағытының бірі.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.