Америка сенаторы мұсылмандардан не үшін кешірім сұрады?

Нью-Джерси штатының жаңадан сайланған сенаторы Эдвард Дарр мұсылмандардан кешірім сұрады. Осыған дейін ол ислам дініне тіл тигізетін мәлімдемелер жасай беретін.

2019 жылы саясаткер әлеуметтік желілерде Мұхаммед пайғамбарды (ﷺ) балағаттап, Исламды «жалған дін (псевдодін)» және «өшпенділік культі (діні)» деп атады.


Эдвард Дарр енді ислам қоғамының өкілдерімен жеке кездесу өткізіп, көпшілік алдында кешірім сұрағысы келетінін білдірді.

Мичигандағы Америка-Ислам қатынастары кеңесі бөлімінің директоры Селаэдин Максуттың айтуынша, диалог «өте жақсы» өтті. Дарр шын жүректен кешірім сұрады, бұрынғы сенімдерінен үзілді-кесілді бас тартатынын білдіріп, исламофобиямен және өшпенділіктің басқа түрлерімен күресуге уәде берді.

Бұрын Эдвард жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істеген, кейін қаруды жасырын алып жүру құқығынан айырылған соң саяси қызметпен айналасуды шешкен. Ол заң шығарушы органға сайлауға түскен кезде штаттағы ең ықпалды саясаткерлердің бірі – жергілікті сенаттың бұрынғы басшысы Стив Суинниге қарсы жеңіске жеткен.

Ержан Қуанышұлы
“Сұлтан Бейбарыс” мешітінің бас имамы.