Қайырымдылық акциясы аясында 15 отбасына азық-түлік таратылды.
Акция әлеуметтік жағдайы төмен, қамқорлықты қажет ететін отбасыларды қамтыды.
«Карантин талаптарын сақтау мақсатында, мұқтаждарды мешітке жинамадық. Мешіт қызметкерлері және еріктілер азық-түлікті үйді-үйге жеткізіп берді. Барша қайырлы амалдарымызды Алла қабыл етсін» деді Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінің имамы Айтжан Абдиров.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.