Қайырымдылық акциясы аясында 15 отбасына азық-түлік таратылды.
Акция әлеуметтік жағдайы төмен, қамқорлықты қажет ететін отбасыларды қамтыды.
“Карантин талаптарын сақтау мақсатында, мұқтаждарды мешітке жинамадық. Мешіт қызметкерлері және еріктілер азық-түлікті үйді-үйге жеткізіп берді. Барша қайырлы амалдарымызды Алла қабыл етсін” деді Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінің имамы Айтжан Абдиров.



Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.