Бүгін Атырау облысында «Үздік имам» анықталды.
Үздік имам Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен негізгі жеті жұмыс бағыты бойынша атқарылған жұмыстар қорытындысы негізінде анықталды.
«Жан-жақты жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастыра білген Атырау қаласындағы «Анашым» мешітінің имамы Айдын Серікбаев «Үздік имам – 2022″ номинациясына лайық деп танылды. Имамдар өзінің іс-әрекеті, бейнесімен қоғамға үлгі болуы керек» деп атап өтті Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.