Атырауда облыс имамдары жыл бойына атқарылған жұмыстары туралы есеп берді

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Атырау облыстық өкілдігіне қарасты қала және ауданның бас имамдары жылды қорытындылады.

Жиынды Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы ашып, жыл бойы атқарылған жұмыстарға тоқтала отырып, аудан, қала имамдарының есебін тыңдады.

«Біз дін қызметкерлері қандай жұмыс жасасақ т,а ең алдымен Алланың разылығы үшін жасауымыз керек. Көздеген мақсатымыз да бірінші Алланың, содан кейін халықтың игілігі үшін. Біздің жұмыстарымыз қоғамды ізгілендіруге, бірлікті нығайтуға бағытталуы керек» деп атап өтті Алтынбек Ұтысханұлы.

Жиында имамдар мүфтият бекіткен 7 негізгі жұмыс бағыты, оқу-ағарту, оңалту, саланы білікті кадрлармен қамтамасыз ету, мешіттердің ішкі жұмысы, қайырымдылық бағыттарында атқарылған жұмыстарға шолу жасады.

Облыс имамдарының есебін тыңдаған Алтынбек Ұтысханұлы мешіт имамдарына бірқатар тапсырмалар беріп, алдағы жұмыстарды пысықтады.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.