Атырауға Сарыағаш медресе-колледжі директоры келді

Атырауға жұмыс сапарымен келген республикалық ақпараттық-насихат топ мүшесі, Сарыағаш медресе-колледжінің директоры Дінмұхамед Сманов жергілікті мешіт жамағатымен кездесті.

Әт-Тақуа мешітінде кездесу ұйымдастырған ұстаз Дінмұхамед Сманов «Рамазан айына дайындық» туралы насихат айтты.

«Кез-келген маңызды іс дайындықты талап етеді. Мұсылман адам Құран түсірілген, күналардың кешірілуіне себепші болатын, жаннат есіктері ашылып, тозақ есіктері жабылатын, шайтандар кісенделетін, жылына бір мәрте ғана келетін Рамазан атты ұлық айдың келуіне үлкен дайындықпен қадам басқан жөн. Рамазан біздерге жылына бір мәрте келетін қонақ іспеттес. Егер біз оны құрметпен қарсы алсақ, қияметте құрметке бөленуімізге себепші болады» деді ұстаз.