Бүгін Атырауға ҚМДБ Зекет қорының маманы, «Qaiyrymdylyq jarshylary» республикалық еріктілер жетекшісі Нұрбек Хапарұлы сапармен келді.
Сапар барысында «Иманғали» орталық мешітінде облыс мешіттері жанынан құрылған еріктілер тобымен кездесті. Жиынды ашқан Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы қайырымдылықтың қоғамдағы рөліне тоқталырп келген мейман жұмысына сәттілік тіледі
ҚМДБ жанындағы Зекет және қайырымдылық қоры көптеген ізгі істер атқарып келеді. Соның бірегейі Астана қаласында «Zeket Hub» орталығының ашылуы. Орталықта әр түрлі салада оқытып, қоғамға қажетті маман болуға мүмкіндік бар. Сіздерді осы орталықта білім мен тәжірибе жинап, өздеріңіз қалаған маман иесі болуға шақырамын,-деп атап өтті зекет өкілі.
Сонымен қатар «Zeket hub» орталығында барлық жағдай жасалғанын, жобалар жүзеге асып жатса, басқа өңірлерде де ашылатынын тілге тиек етті. Жиын соңында еріктілер арнайы маманға сұрақтарын қойып, жауап алды.