Атырауда дін қызметкерлері «Шаңырақ» балалар ауылына барды

Атырауда дін қызметкерлері «Шаңырақ» отбасы үлгісіндегі балалар ауылына барды.

Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қоры ұйымдастырған іс шарада дін қызметкерлері балаларға сыйлықтар табыс етті.

Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Хайролла Көшқалиев, Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы, Дін басқармасының бөлім басшысы Мұхтар Ізғалиев, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қоры директорының орынбасары Мейірбек Құбышев қатысқан мерекелік шара балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады.