Атырауда №16 мектеп гимназиясында жоғары сынып оқушылары дін мамандарымен кездесті.
Атырау облысы дін істері басқармасының тапсырысымен «Шапағат» қоры ұйымдастырған кездесуде Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы «Дінсіз тәрбие – тамырсыз көшет» тақырыбында насихат айтты.
«Халқымызда «Өткенді білмей, болашақ жоқ» деген сөз бар. Жас буын ең алдымен халқымыздың тарихымен, жүріп өткен жолымен сусындап өсуі керек. Тамырынан ажырамаған ұрпақ жаһандану дәуіріне жұтылып кетпейді. Ұлттық код дегеніміз не? Ұлттық код дегеніміз – дініміз, тіліміз, салт-дәстүр, ата-бабаларымыздан қалған ұлттық тәрбие. Сондықтан, осындай нәзік мәселелерге көбірек көңіл бөлу керек» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.