Бүгін Астанада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жылды қорытындылап, руханият саласында үздік атанған бір топ имамды марапаттады.
«Мүфтият үздігі» шарасында «Үздік ардагер имам» номинациясын Теңел Айдарбекұлы жеңіп алды. Теңел Айдарбекұлы имам Атырау облысы, Жылыой ауданы, Қосшағыл ауылында ұзақ жыл еңбек еткен.
«Үздік ауыл имамы» номинациясына Құраш Зинелұлы лайық деп танылды. Ол Атырау облысы, Индер ауданы, Жарсуат ауылдық мешітінде еңбек етіп келеді.
Асыл дінімізді, салт-дәстүрімізді насихаттауда уақытпен санаспай еңбек етіп жүрген әріптестерімізді лайықты марапатпен құттықтаймыз!