АУДАНДАҒЫ ДІНИ АХУАЛ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы жұмыс сапарымен Мақат ауданына келіп, аудан әкімінің орынбасары Әсел Қаржауовамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қоғамда дәстүрлі діннің орны, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жастардың рухани тәрбиесі және діни тұрақтылық мәселелері кеңінен сөз болды. Тараптар мешіттердің ағартушылық қызметін күшейту, деструктивті ағымдардың алдын алу және мемлекеттік құрылымдармен бірлесе жұмыс істеудің тиімді жолдарын талқылады.

Әсел Шайзадақызы өз кезегінде ауданда діни тұрақтылықты сақтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, жергілікті билік имамдармен әрдайым тығыз қарым-қатынас орнатуға мүдделі екенін жеткізді.

Бас имам Болатбек Ұласқанұлы дін мен дәстүрді ұштастыра отырып, ел ішінде тыныштық пен бірлікті сақтау басты міндеттердің бірі екенін атап өтіп, мүфтият баспасынан жарық көрген Бабалар ізімен: қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп кітабын тарту етті.