БАЛАЛАР ҮЙІНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАЛДЫ

Облыстың бас имамы, Болатбек Ұласқанұлының бастамасымен Зекет және қайырымдылық қорының өңірдегі өкілдерінің ұйытқы болуымен, балалар үйіне қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Мешіт ұжымы балалардың қажеттіліктерін ескере отырып, киім-кешектер мен жөргектерді жеткізіп, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтамасыз етілген балаларға қолдау көрсетті.

Бұл көмек балалардың күнделікті өміріндегі қажетті заттарды қамтамасыз етуге бағытталған және олардың денсаулығы мен дамуына оң әсер етсе біз қуаныштымыз. Бұл баршамыздың қоғам алдындағы жауапкершілікті сезініп, сәбилерге деген қамқорлығымыз ретінде қабыл алыңыздар,-деді бас имам.

Қайырымдылық акциясы аясында балаларға арналған жүзге жуық киім-кешектер мен жөргектер табысталды. Мекеме өкілдерінің айтуынаш ескі ғимарат күрделі жөндеуден өтіп, заманауи құралдармен жабдықталған. Орталықта балаларға монтессори әдісімен жұмыс жүргізіледі.