Бүгін Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақтыгүл Хаменова ҚМДБ-ның «Халық арна» каналының жергілікті филиалы жұмысымен танысты.
Орталық «Иманғали» мешіті жанынан қызметін бастаған филиал жұмысы туралы Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы баяндады.
Қазіргі уақытта төрт блоктан тұратын студияда жаңалықтар, уағыз-насихат, сұхбаттар түсірілуде. Алда арнайы бағдарламалық жобалар дайындау да жоспарда.
Облыс әкімі орынбасары Бақтыгүл Хаменова діни, рухани ағартушылық бағыттағы контентті күшейтудің маңызды екендігін атап өтті.
Сондай ақ, бүгін Бас имам Алтынбек Ұтысханұлының жұма намазына байланысты үндеуі жарық көрді. Онда Бас имам елдегі індетке байланысты, жұма намазының «жасыл аймақтардағы» ауылдық өңірлерде ғана өтетіндігін атап айтты.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.