Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы “Hikmet.tv” арнасының инстаграм парақшасына сұхбат берді (+ ВИДЕО)

amin.kz/ 6 мамыр, 2020 жыл. Мүфтият каналының инстаграм парақшасына берген сұхбатында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы кешірімділік туралы айтты.

“Рамазан айының ерекшелігі сол – мүміндер бұл кезде бір ай бойы ораза ұстайды. Рамазан – мейірімділіктің, қайырымдылықтың, сабырлықтың, кешірімділіктің, тақуалықтың және нәпсіні тәрибиелеу, өз-өзіңе есеп беру айы.

Осымен қатар, Рамазан Құран айы, тақуалық пен тәрбие айы ретінде байыпталады. Рамазан – айлардың сұлтаны, күнәлардың кешірілетін, мың айдан да қайырлы Қадір түні бар шоқтығы биік ай” деп атап өтті сұхбатында ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.