Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы салиқалы әйел тақырыбында уағыз айтты

amin.kz/ 7 наурыз, 2020 жыл. Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы облыс орталығына қарасты округте орналасқан Дамбы мешітінде уағыз айтты.

Асыл дініміз Исламда әйелге айрықша мәртебе берілген. Имандылық, ізеттілік, қайырымдылық, жанашырлық жолын ұстанған халқымыз қыз-келіншекті құрметтеудің үлгісін көрсеткен.

Қызды құрметтеуге келгенде оны тіпті төрге шығарған, ал тәрбиесіне келгенде қызды қырық үйден тыйған. Осы тыйымның бәрі әйелдің иманы мен құрметін, ары мен ұятын қорғайды.


«Қасиетті Құранда әйелдерге арналған арнайы сүрелер бар. Олар «Ниса», «Мәриям» деп аталады. Бұдан бөлек, Алла Тағала «Талақ», «Тахрим», «Ахзаб», «Нұр», «Мұмтахина» сүрелерінде де әйелдің мәртебесін, оның құқықтары мен міндеттерін ашық баяндаған. Біз бұл сүрелер мен аяттардан Ислам дінінің әйел баласына қаншалықты көңіл бөлетінін анық аңғарамыз.
Жаратушы Иеміз «Ниса» сүресінің 19-аятында: «Әйелдеріңмен жақсы тұрып, жақсы қарым-қатынаста болыңдар», – деп бұйырған. Демек, әйел баласына әркез құрмет болуы керек» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы өз уағызында.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: