Бас имам Атырау университетінің ректорымен кездесті (+ ФОТО)

Атырау облысының Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ректоры Саламат Нұрмұханұлымен кездесті. Білім ордасының басшысы батыс өңіріндегі бірегей оқу орнының тынысымен таныстырып, жаңа діни кадрлар даярлайтын дінтану мамандығы ашылғандын айтты.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оқу-ағарту, ғылыми бағытта дамуға басымдық береді. Біз жастарды әсіресе дін мамандарын жаңашыл болуға, жаңа технологияларды меңгеруге үндейміз. Осы жолда діни басқарма тарапынан көптеген жобаларды қолға алдық. Осы оқу орнында ашылған тарих және дінтану мамандығы жергілікті кадрлар даярлауға көп мүмкіндік береді. Осы мамандықта біздің имам-ұстаздарымыз да білім алып жатыр. Сіздермен ағартушылық бағыттағы жұмыстарымызды әлі де жалғастырамыз. Ұжымыңызға Алланың берекетін тілеймін» деді бас имам.

Кездесу соңында Болатбек Ұласқанұлы университет басшысына мүфтият баспасынан жарық көрген «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» және «Ислам и генезис казахской мусульманской традиции» еңбектерін тарту етті.