Бас имам атыраулық журналистерді құттықтады

amin.kz/ 1 шілде, 2020 жыл.  Бүгін Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы дін жолында қызмет етіп жүрген журналистер қауымын кәсіби мерекемен құттықтады.

«Асыл дініміздің қоғамымызда насихатталуы жолында бұқаралық ақпарат құралдарының маңызы зор. Ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы ұстанып келген ислам дінінің әсіресе, тәуелсіздік жылдарында дәріптелуі кезеңінде қазақ журналистикасының айрықша маңызы бар. Себебі, журналистиканың негізгі миссиясы қоғамды тәрбиелеу.

Ізгілік нұрының тарауына себепші болып отырған журналистер қандай құрметке де лайық» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Атырау облысының Бас имамының алғыс хаты мен арнайы сыйлығына «Атырау», «Каспиан ньюс» телеарналарының, жергілікті облыстық «Атырау», «Прикаспийская коммуна», Атырау қалалық «Ақ Жайық» газеттерінің бір топ журналистері және орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі марапатталды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.