БАС ИМАМ АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Жылыой ауданы әкімдігінде облыстың бас имамы Болатбек Ұласқанұлы аудан әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақовамен кездесті. Жиын барысында аудандағы рухани ахуал, діни тұрақтылықты сақтау және жастар тәрбиесіндегі мешіт пен жергілікті билік арасындағы ынтымақтастық мәселелері сөз болды.

Кездесу барысында бас имам Дін мен дәстүр үндестігін сақтай отырып, жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру – баршамыздың ортақ міндетіміз. Бұл жолда мешіт пен әкімдік бірлесе жұмыс атқаруы маңызды», – деді. Сондай ақ ол ауданға жаңа тағайындалған бас имам Думан Мұратұлын таныстырып рухани саладағы әріптестікті жандандыру қажеттігін атап өтті.

Кездесу соңында тараптар ақпараттық түсіндіру жұмыстары, рухани іс-шаралар және әлеуметтік жобаларды бірлесіп жүзеге асыру жөнінде уағдаласты.

Бас имам мүфтият баспасынан жарық көрген Бабалар ізімен:қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп кітабын Гулнафис Аязберікқызына табыс етіп, мүфтияттың дін мен дәстүр аясындағы жұмыстарын атап өтті.

Өз кезегінде әкім орынбасары қонақтарды жылы қабылдап, естелік кітаптар тарту етті.