Бас имам әжелерді Бірлік күнімен құттықтады

Атырауда облыстың Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Әжелер мектебінің өкілдерін Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтап, алғыс айтты.

«Қазақтың кең байтақ даласы бүгінде 130-дан  артық  ұлт өкілдеріне ортақ Отан болып тұр. Осындай кең байтақ даламызда ұрпақтар үндестігі сақталып отырғаны қуантады. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен» аналарымыз қандай құрметке де лайық. Сіздер осындай керемет шақтарыңызды отбасымен бірге, қоғам тәрбиесіне де арнап отырсыздар. Бірлігі жарасқан еліміздің ынтымағы арта түсуіне үлес қоса беріңіздер» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.


1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды.