Атырауда имамдар атқарылған жұмыстардың есебін берді

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының төрағалығымен қала, аудан, ауыл имамдарына арналған есеп беру жиыны өтті. Жиынға ҚМДБ бекіткен 5 негізгі жұмыс бағыты бойынша және мешіт істері, кадр даярлау, жазғы оқу бағдарламалары бойынша жауапты мамандар, аудан бойынша кураторлар есеп беріп, алдағы жоспардарымен бөлісті.

«Барлығымыз бірлесе көптеген ауқымды жұмыстар атқарудамыз. Нәтижесін ел көріп отыр. Әр ісімізге есеп беріп, жоспарлар құрып, насихат жұмыстарын жүйелеу маңызды. Ауыл имамдары да жасалып жатқан жұмыстардан шеткері қалмауы керек. Бәріміздің илегеніміз бір терінің пұшпағы болғандықта,н қандай да бір мәселелерді бірігіп атқару маңызды. Баршамызға Алла қуат берсін. Алланың разылығы үшін қызмет ете берейік» деген Бас имам жазғы маусымдағы жұмыс жоспарын нақтылады.