Бас имам Болатбек Ұласқанұлы «Әйел-қыздар» секторының жұмысымен танысты (+ФОТО)

Атырау облысының Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы жергілікті «Әйел-қыздар» секторының жұмысымен танысып, бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Жиын барысында сектордың жауапты маманы Айсәуле Жәнібекқызы әйел жамағаты бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.

Бас имам әйелдер арасында ағарту жұмыстарын жандандыру керектігін баса айтты.

«Әйел жамағатын сауаттандыру бағытында арнайы орталықта әйел ұстаздар жұмыс істеп жатыр. Десе де, мешітке келуші жамағат арасында мазалайтын сұрақтар көп. Сол себепті мешіттерде де арнайы кезекшілік ұйымдастыруды тапсырамын. Сондай-ақ, ҚМДБ бекіткен жоспар аясында жұмыс жасап, әйел жамағатының ауызбіршілігін сақтау, діни дәрістерді күшейту маңызды,- деп атап өтті Бас имам.