Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы Индер ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан әкімі Серік Нсановпен кездесті. Кездесу барысында діни ахуал, жастар тәрбиесі, теріс ағымдардың алдын алу және рухани құндылықтарды насихаттау мәселелері сөз болды.
“Бүгінде діни тұрақтылық — ел қауіпсіздігінің бір бөлігі. Біз жастарымызды жат ағымдардың жетегіне жібермей, ұлттық және діни құндылықтар негізінде тәрбиелеуіміз керек,” — деді Болатбек Ұласқанұлы.
Өз кезегінде аудан әкімі Серік Бақытжанұлы имамдардың қоғамдағы орнына тоқталып, бірлескен жұмыс жалғасын табатынын жеткізді.
“Қоғамда имамдардың рөлі өте жоғары. Әсіресе жастармен жұмыста мешіттердің, дін қызметкерлерінің ықпалы зор. Бірлескен істеріміз арта береді деген сенімдемін,” — деді Серік Нсанов.
Кездесу аясында аудан мешіттеріндегі жұмыстар, жамағатпен байланыс, мешіттерді дамыту жайы да талқыланды


