Атырау облысының бас имамы Болатбек Абу Индер ауданындағы жұмыс сапары барысында жергілікті имамдармен арнайы кездесу өткізді. Басқосуда мешіттердің жұмысы, жамағатпен қарым-қатынас, діни білім мен тәрбие бағытындағы жұмыстар талқыланды.
“Имам – тек намаз оқытушы емес, елдің рухани тірегі. Әрқайсыңыздың еңбегіңіз арқылы қоғамда тыныштық пен бірлік орнығып отыр. Сондықтан біз әрдайым бір мақсатта, бір мүдде жолында жұмыс істеуіміз керек,” — деді Болатбек Ұласқанұлы.
Кездесу барысында аудан имамдары өз ұсыныстарын айтып, тәжірибе алмасып, алдағы діни іс-шаралардың жоспарын пысықтады.
Бүгінгі таңда Индер ауданында 5 мешітте ҚМДБ бұйрығымен 8 имам қызмет атқаруда. 2 мешіттің құрылысы жүруде