Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Құрманғазы ауданындағы шалғай елдімекен Балқұдыққа арнайы барды.
Сапар аясында жергілікті мешітке келіп, ондағы ахуалмен танысты. Және жергілікті ақсақалдармен кездесіп, тұрғындар тарапынан қойылған өзекті сауалдарға жауап берді.
«Құрманғазы облыс орталығынан шалғай орналасқан аудан. Шекарамен шектесетін Құрманғазы ауданын екі елді байланыстырып отырған қақпа десек те болады. Ауданда әлі күнге дейін мешіті жоқ ауылдар бар. Дінімізді, ділімізді, ұлттық құндылықтарымызды халық арасында дәріптеп, қоғамды жетілдіруде мешіттердің маңызы қандай зор болса, білікті мамандар маңызы да соншалықты зор. Балқұдыққа арнайы баруымыздың себебі де осы. Біз мұнда жергілікті халықпен кездесіп, қалыптасқан ахуалмен етене таныс болдық» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.