Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Қызылқоға ауданына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында Бас имам аудандық мешіттің тыныс-тіршілігімен танысып, жергілікті ақсақалдар, зиялы қауым өкілдерімен кездесті.
«Өлім келмей тұрып өмірдің қадірін білу керек. Бұл өлімді еске алу және өлімнен кейінгі өмірге дайындалу арқылы жүзеге асады. Адам өлімді еске алмайтын болса, дайындық та жасамайды. Айталық, жаназа және жерлеу рәсімі кезіндегі ысырапшылдық әлі күнге дейін өзекті мәселе болып келеді. Дініміз ысырапшылдықты қолдамайды. Аста-төк дастархан, жарысып қымбат мейрамханада қаде өткізуге асығу – бәрі шариғатымызбен құпталмайтын мәселелер. Біз үлкен кісілеріміздің көмегімен кейінгі буынды садақа кезінде қарапайым мәзір енгізуге шақырғымыз келеді» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Кездесу барысында Бас имам ақсақалдар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.