Сапар аясында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы шалғайда орналасқан Майкөмген ауылына арнайы барды.
Майкөмген мешітіне барып, ондағы ахуалмен танысқан Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы санитарлық талаптарды сақтай отырып, құлшылық үйінің жұмысын жандандыру, уағыз – насихат, қайырымдылық бағытындағы шараларды күшейту жөнінде тапсырмалар берді.
Және жергілікті Майкөмген ауылдық медицина мекемесіне арнайы барып, дәрігерлерге оттегі концентраторын табыс етті.
«Сапарымыздың мақсаты – шалғай ауылдардағы мешіттердің ахуалын білу. Жергілікті халықпен етене танысу. Осыған байланысты, Майкөмген ауылына арнайы барып отырмыз. Мешіт – тәрбиенің сонымен бірге, білімнің, бірліктің ошағы.
Жергілікті медициналық мекемеге оттегі концентраторын табыстау арқылы, әлемге тарап жатқан пандемия жағдайында бірліктің маңызды екенін көрсеткіміз келді» дейді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.