НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ

1977 жылдың 13 наурызында дүниеге келген

Білімі:

  • 1993-1997 жылдары Ташкенттегі «Имам Әл-Бұхари» атындағы Ислам институтында оқып жоғарғы діни білім алған.1992-1994 жылдары Мысырдағы әл-Азһар университетінде оқыған;
  • 1999-2001 жылдары ҚМДБ жанындағы Ислам институтын оқыған.2009 жылы Мысыр Араб Республикасында қысқа мерзімде діни білімін жетілдірген.
  • 2010 жылы Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінің «Тарих» факультетін сырттай оқып бітіріп жоғарғы білім алған.
  • 2011-2013 жылдары аталған университеттің «Дінтану» мамандығы бойынша магистратурасын бітірген.
  • 2017 жылдан бастап «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде «Исламтану» мамандығы бойынша PhD докторантурасында оқуда.

Еңбек  жолы:

  • 1997-2006 жылдары Республикамыздың түрлі мешіттерінде имамдық қызметтерді атқарумен бастау алған.
  • 2006-2011 жылдары ҚМДБ-ның Қарағанды өңіріндегі өкілі, Қарағанды қалалық №1 орталық мешітінің Бас имамы.
  • 2011-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі басқармасының Бас сарапшысы.
  • 2013-2018 жылдары ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы.
  • 2018 жылдың шілде-қазан айлары ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, ҚМДБ-ның Түркістан қаласындағы кеңсе басшысы, Түркістан облысы бойынша өкілі имамы.
  • 2018 жылдың қазан айынан бастап ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілі,  Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы.

Еңбек жолындағы жетістіктері:

  • 2002-2005 жылдары Наурызбай Тағанұлының тікелей жетекшілігімен ШҚО, Аягөз қаласында орталық және «Жаңауыл» мешіттерінің құрылысы сәтті жүргізіліп, іске қосылған.
  • 2010-2011 жылдары Қарағанды қаласындағы орталық мешіттің салынуына үлес қосқан.
  • Қарағанды облысында «Сұлу әлем», «Нұрлы мінбер», «Жұлдызды гол» атты жобаларды іске асырған.
  • Республикалық БАҚ беттерінде жарияланған көптеген діни, рухани-танымдық мақалалар мен «Үміт сәулесі», «Мазһабсызбен сұхбат» атты кітаптардың авторы.

 

Марапаттары: 

  • «Құрмет» орденінің иегері
  • Аягөз ауданының құрметті азаматы
  • Қазақтан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы медалінің және Қазақтан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы медалінің иегері
  • Қарағанды облысы әкімінің құрмет грамотасымен, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталған.

Жеке өмірі:

Отбасылы. 4 баланың әкесі.