Бас мүфти әлеуметтік желіде уағыз айтатын жастар туралы пікір білдірді (+ ВИДЕО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «Хабар 24» арнасына арнайы сұхбат берді.

Бас мүфти сұхбат барысында қоғамдағы өзекті мәселелер, атап айтқанда, отбасындағы зорлық-зомбылық, бала тәрбиесі, әлемдегі қақтығыстардың себеп-салдарлары, әлеуметтік желілерде уағыз айтудың жауапкершілігі жайлы сөз қозғады. Сонымен қатар дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттаудың маңызы да тілге тиек етілді.

Бас мүфти өз сұхбатында мүфтияттың түрлі бағыттағы жұмыстары жайлы баяндап, діни уағызды ҚМДБ қызмет жүйесіндегі ресми ұстаздар мен имамдар ғана айту қажеттігін жеткізді. ҚМДБ Төрағасы әлеуметтік желіде «уағыз айтып, пәтуа беретін» кейбір жас буын өкілдерін ұстамдылыққа шақырды.

https://www.youtube.com/watch?v=ilJ6HKwgF7I&embeds_referring_euri=https%3A%2F%2Fwww.muftyat.kz%2F&source_ve_path=MjM4NTE&feature=emb_title